$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде қыркүйек айының соңғы күні ауа райы қандай болады

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Елімізде қыркүйек айының соңғы күні ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК қыркүйек айының соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік және орталық өңірлерінде күздің салқыны күшейіп келеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2-8 градус жылы күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ байқалады. Астанада да аздап қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -3, күндіз +5 градус шамасында болады.

Алматы, Жетісу және Абай облыстарында жауын-шашын болжанған, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндізгі температура 8-20 градус аралығында, ал таулы өңірлерде 5-12 градус қана жылы болады. Алматыда күндіз +21...+23°С күтілсе, Талдықорғанда +18...+20°С шамасында болады.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ. Түркістан мен Жамбыл облыстарында жаңбыр мен найзағай болып, күндіз +20...+25°С аралығында жылы болады.

Шымкент пен Таразда күндіз 22–25 градусқа дейін көтеріледі. Ал Қызылорда облысында негізінен жауын-шашынсыз, күндіз +17...+19°С жылы.

Батыс Қазақстанда ауа райы құбылмалы. Орал мен Ақтөбеде түнде аяз болуы мүмкін, күндіз +7...+12°С шамасында. Атырау мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл байқалады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Ақтауда күндіз +17...+19°С, Атырауда +12...+14°С күтіледі.

Серіктес жаңалықтары