29.09.2025, 22:48
Жаңалықтар
Мотоциклді мас күйінде жүргізген адам сақтандыру компаниясына ақша төлейтін болды
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды облысында болды
Фото: istockphoto.com
Қарағанды облыстық сотының мәліметінше, Шахтинск қалалық сотына сақтандыру компаниясы 186 728 теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алу туралы талап арыз берген. Себебі, мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл айдаған азамат жол апатына себепкер болып, автокөлікке зақым келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сақтандыру төлемі және сот шешімі
Жәбірленушінің көлігі сақтандырылғандықтан, сақтандыру компаниясы шығынды өтеп берген. Кейін компания кінәлі адамнан шығынды қайтаруды талап етті.
Сотта медиация рәсімі жүргізіліп, тараптар келісімге келді. Жүргізуші кінәсін мойындап, қарызды белгіленген кесте бойынша төлеуге уәде етті.
Қорытынды
Сот медиативтік келісімді бекітіп, істі тоқтатты. Қаулы заңды күшіне енді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген