$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылуы мүмкін

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілер тізімге енген

Қазақстанда қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Үкіметтің «Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасы дайындалды. Құжат 13 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Жобаға сәйкес, келесі бағыттар ҚҚС-тан босатылады:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы дәрілік препараттар;
  • сирек (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілер;
  • ТМККК мен МӘМС аясындағы медициналық қызметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған ауруларды емдеу бойынша көрсетілетін қызметтер.

Күтілетін нәтиже

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шара:

  • науқастар үшін емдеудің қолжетімділігін арттыруға;
  • медициналық ұйымдардың қаржылық жүктемесін азайтуға;
  • әлеуметтік қорғауды күшейтуге ықпал етеді.

Құжатқа қоса берілген түсіндірме жазбада күтілетін нәтижелердің медициналық көмектің қолжетімділігін арттырумен тікелей байланысты екені атап өтілген.

«Дәрілік заттар, оның ішінде сирек (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған препараттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында бағасы қолжетімді бола түседі», – делінген жобада.

Серіктес жаңалықтары