23.09.2025, 17:51
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында 575 гектар жер алапат өртке оранды
Қурап қалған шөп өртенді
Фото: Видеодан скрин
Ақтөбе облысының Ойыл ауданына қарасты Сарыалжан ауылынан 60 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысының Қобда ауданымен шекара тұсында шамамен 575 га ашық аумақ алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қурап қалған шөп өртенді.
Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамнан бас-аяғы 85 адам, 18 техника жұмылдырылды.
«Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт 23 қыркүйек күні 03 сағат 35 минутта толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендер мен нысандарға қауіп төнген жоқ», – делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты
12.08.2026, 12:40
Даркнетке 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен: министрлік ресми мәлімдеме жасады
12.08.2026, 21:16
+43°С ыстық, бұршақты нөсер: 13 тамызға арналған ауа райы болжамы