23.09.2025, 17:16
Жаңалықтар
Ұзын-сонар кезек: «Қайрат» пен «Реал» матчына билет алғысы келетіндер саны 130 мыңға жетті
Билет сатылу уақыты 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» командалары арасындағы матчқа билет алғысы келетін жанкүйер саны 100 мыңға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қос команда арасындағы матчқа билет сатылу уақыты 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталды.
Билетті Qairat SuperApp қосымшасы, «Қайраттың» ресми сайты, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.
Дәл қазіргі уақытта билет алуға кезекке тұрған жанкүйерлерді аталмыш платформалар арнайы күту аймағына жібереді.
Айта кетейік, Алматыдағы Орталық стадионға 24 мыңға жуық адам сияды.
Билеттердің бағасы
Батыс трибунасы:
- 30 000 теңге – 1-9-секторлар, 1-2-қатарлар;
- 250 000 теңге – 1-17-секторлар.
Шығыс трибунасы:
- 150 000 теңге – 30-48-секторлар.
Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):
- 75 000 теңге – 18-28 және 49-60-секторлар.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)