23.09.2025, 16:38
Жаңалықтар
Түркістан соты инфаркт алған науқасқа асыққан дәрігерге салынған айыппұлды жойды
Ол науқасқа асығамын деп жылдамдықты асырған
Фото: istockphoto.com
Түркістанда сот инфаркт алған науқасқа асыққан дәрігерге салынған айыппұлды жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кардиохирург Бекзат Османов шұғыл операцияға жету үшін жолға шыққанда, көлігін полицейлер тоқтатқан. Себеп – алдыңғы әйнектеріне перде орнатуы. Жағдайды түсінген тәртіп сақшылары дәрігерді ауруханаға дейін жеткізіп салған. Алайда жол бойында камералар оның жылдамдықты асырғанын тіркеп, атына айыппұл келген.
Маман сотқа жүгініп, шешім ауданаралық сотта қаралды. Сот дәрігердің әрекеті адам өмірін құтқару үшін аса қажетті жағдайда жасалғанын атап өтіп, айыппұлды жойды.
Сонымен бірге дәрігер әйнектерге перде орнатқаны үшін салынған әкімшілік жазаны өз еркімен төлеген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы