Үсік жүреді: 13 қыркүйекте Қазақстан бойынша дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін

13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, тұман түседі, екпіні 20 м/с жел соғады, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, 2 °C-қа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстік және шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыста және солтүстікте түнде 2° үсік жүреді. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 2° үсік жүреді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түседі. Түнде батыста және солтүстікте 2° үсік жүреді. Петропавлда түнде топырақ бетінде 2° үсік жүреді.
Қостанай облысында оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік және батыста тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік пен батыста түнде 2° үсік жүреді. Оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде жер бетінде 2° үсік жүреді.
Қарағанды облысында солтүстікте, шығыста және батыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Түнде батыста, солтүстікте және шығыста топырақ бетінде 2° үсік жүреді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15 м/с жел соғады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман түседі. Күндіз оңтүстікте солтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Павлодарда таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өскеменде найзағай ойнайды.
Абай облысында күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысында шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстікте, оңтүстікте және шығыста екпіні 15-18 м/с жетеді. Батыста және орталықта өрт қаупі жоғары, шығыста өте жоғары болады. Ақтөбеде күндіз шығыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады.
Атырау облысында облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өрт қаупі облыстың басым бөлігінде өте жоғары, ал батыста жоғары болады. Атырауда таңертең және күндіз найзағай ойнап, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде батыста және солтүстік-шығыста, күндіз батыста, солтүстік-шығыста және орталықта найзағай ойнайды. Күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік және шығыста солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Шығыста жоғары, батыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік пен шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі өте жоғары болады. Алматы, Қонаев қалаларында өте жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында және солтүстігінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыста өрт қаупі өте жоғары, солтүстік пен шығыста жоғары болады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында күндіз солтүстікте, оңтүстікте және тауларда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз солтүстік-шығыста және тауларда 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі әлі де жоғары болады. Таразда өте жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында күндіз солтүстікте және тауларда найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстікте және орталықта солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта найзағай ойнайды, өте жоғары өрт қаупі бар.