$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзіңіз кетіңіз»: студенттерді Алматыдан көшіруді ұсынған Жазира Байырбекова сынға қалды

Оның бұл пікіріне қарсылық білдіріп жатқандардың қарасы қалың

«Өзіңіз кетіңіз»: студенттерді Алматыдан көшіруді ұсынған Жазира Байырбекова сынға қалды
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова Алматының кептелісін шешу үшін оқу орындарын басқа қалаларға көшіруді ұсынамын деп сынның астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қайран кептеліссіз (пробкасыз) уақыт... Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым? Мен барлық оқу орнын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіру вариантын ұсынар едім. Сіздің нұсқаңыз ше?», - деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.

Әншінің ұсынысы көптің көңілінен шықпады. Оның бұл пікіріне қарсылық білдіріп жатқандардың қарасы қалың. Тіпті әншілердің өздерін көшіріп жіберу керек дегендер де табылды.

«Ең дұрысы өзіңіз көшіп кетіңіз», «Иә, әншілерді де сол жаққа көшіру керек», «Оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушылар мен қызметкерлер не істеуі керек сонда?», «Көшіресіз, сосын олар Алматыға келіп жұмыс істейді ғой, бәрібір кептеліс болады. Одан да әншілер, спортшылар, студенттер, базарларды көшіру керек», «Кептеліс халық көбейген сайын бола береді. Оның бір шешімі бар, ол – көшелерді кеңейту керек», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары