$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда зейнетақы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырғандар ұсталды

Тергеу жалған емханалардың басшыларын ғана емес, делдалдар, есепшілер, агенттер мен кеңсе қызметкерлерін де қамтиды

Атырауда зейнетақы қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырғандар ұсталды
Фото: Azattyq Ruhy

Атырауға еліміздің түрлі аймағынан астаналық департамент өкілдері бастаған Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қызметкерлері келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Басылымның ақпарат көзінің мәліметінше жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырғандар тергеуге іліккен.

«Қаладағы түрлі ауданда тінту жүргізілген. Тінту барысында күдіктілерден ірі көлемдегі қолма-қол ақша, автокөліктер және басқа да құнды заттар тәркіленген», - деп жазды портал.

Қазіргі уақытта 10 шақты адам ұсталған, алайда тергеу барысында қатысушылар саны 50 және одан да көп болуы мүмкін. Тергеу жалған емханалардың басшыларын ғана емес, делдалдар, есепшілер, агенттер мен кеңсе қызметкерлерін де қамтиды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Отбасы банк азаматтардың 222 миллиард теңгеден астам теңге зейнетақы қаражаты 20 емханаға аударылғанын, олардың жартысы Атырауда орналасқанын хабарлады. 2025 жылы бір емхана қазақстандықтарға стоматологиялық қызмет көрсетіп, 22,9 млрд теңге қаражатты игерсе, тағы екі емхана 32 млрд теңге зейнетақы қаражатын пайдаланған. Ал Құлсарыдағы бір емхана 7,6 млрд теңге қаражатпен «шектелген».

Серіктес жаңалықтары