$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2020, 10:53
Жаңалықтар

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері өсті

Енді 16 баласы бар отбасы 177 192 теңге алады

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері өсті

Биыл 1 қаңтардан бастап елімізде 4 және одан көп баласы бар отбасыларға жеке жәрдемақы енгізілген болатын. Алайда, ол 7 баласы бар отбасы мен 15 баласы бар отбасына бірдей мөлшерде төленіп келді. Енді 1 шілдеден бастап жәрдемақы отбасындағы балалардың санына байланысты төленеді.

Аталған жәрдемақы бұған дейін 4 бала мен 7 балаға дейінгі аралықта ғана өзгеретін. Яғни, 4 баласы бар отбасы 44 448 теңге алса, 7 және одан көп баласы барлар 77 748 теңге алатын. Енді бұл санат 16 балаға дейін жеткізілді.

«Мемлекет басшысы биыл 13 мамырда 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген», - делінген Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таратқан ақпаратта.

Бүгінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің шемімімен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша 1092 істі бекітті.

Бала санының өзгеруіне байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды.

Серіктес жаңалықтары