Қаны 2-ші топқа жататындар коронавирусқа жиірек шалдығады – ғалымдар
Зерттеу АҚШ-тың Колумбия университетінде жүргізілген
Ғалымдар қаны 2-ші топқа жататын адамдардың коронавирусқа жиірек шалдығатынын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РБК сайтына сілтеме жасап.
Қытай және Иранның медициналық мекемелері мен АҚШ-тың Колумбия университетінде жүргізілген зерттеу жұмыстары коронавирус індетінің ауыр не жеңіл өтуі қан тобына да байланысты екенін анықтады.
Ғалымдар қаны А тобына (екінші топ) жататын науқастың ағзасына коронавирус әсері ауыр болатынын дәлелдеді. Ал ауруы асқынғандар қатарынан О (бірінші) топ өкілдері аз табылған. Ал (В) үшінші және (АВ) төртінші қан тобының иелері бірінші топқа қарағанда азырақ, ал екінші топқа қарағанда жиірек ауырады екен.
Бұл алдын-ала нәтижелер және оның әлі де зерттеуді қажет ететінін атап өткен жөн.