$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Зеленский мен Трамп Вашингтонда кездесетін болды

Украина президенті АҚШ-қа сапармен барады

Зеленский мен Трамп Вашингтонда кездесетін болды
Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамыз күні Вашингтонға ресми сапарменбарады. Ол жерде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Шақырту үшін алғыс айтамын», – деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

Бұл – украин көшбасшысының ақпан айында Ақ үйде орын алған келіспеушіліктен кейінгі Вашингтонға алғашқы сапары болмақ. Ол кезде екі ел арасындағы ресурстық келісімшарттөңірегінде дау туған еді. Кейін тараптар келісімге келген.

Кездесуге еуропалық көшбасшылар да қатысқан

Зеленскийдің айтуынша, Вашингтонға сапардың алдында ол Трамппен ұзақ келіссөз жүргізген. Алдымен тет-а-тет форматында, одан кейін кеңейтілген құрамда кездескен.

Оған қоса, келіссөзге:

  • Франция президенті Эммануэль Макрон
  • Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер
  • Германия канцлері Фридрих Мерц
  • Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен
  • НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысқан.

Трамп – Путин кездесуінің нәтижелері талқыланды

Зеленскийдің сөзінше, келіссөздер барысында Трамп оған Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада өткен кездесуінің негізгі нәтижелері туралы айтқан.

Бұл мәлімет Вашингтондағы келіссөздердің күн тәртібінде қауіпсіздік пен халықаралық серіктестіктің басты тақырып болатынын аңғартады.

Контекст

Айта кетсек, 2025 жылдың 16 тамызына қараған түні Аляскада өткен кездесуден кейін Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп бірлескен баспасөз конференциясын өткізді. Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Аляскадағы келіссөздерде аудармашыны пайдаланды. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуден кейін Украина лидері Владимир Зеленскийге қақтығысты тоқтату үшін Мәскеумен келісім жасауды ұсынды. Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайтынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары