$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:00
Әлем

Трамп Путинмен кездескеннен кейін Зеленскийге кеңес берді

Ресей өте алып мемлекет, Украина олай емес, деді Америка президенті

Трамп Путинмен кездескеннен кейін Зеленскийге кеңес берді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуден кейін Украина лидері Владимир Зеленскийге қақтығысты тоқтату үшін Мәскеумен келісім жасауды ұсынды. Бұл туралы Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мәміле әлі дайын емес. Украина келісуі керек. Айтайын дегенім, президент Зеленский келісуі керек, бұл қорқынышты соғыста ол көп нәрсе жоғалтады», - деді Трамп Ресей мен Украина арасында келісім жасау туралы сұраққа жауап беріп.

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келісімге келу мүмкіндігі енді Зеленский мен Еуропа елдеріне байланысты.

«Біз көптеген тармақ бойынша келістік... Енді мәмілені аяқтау Зеленскийдің қолында. Еуропа елдері де бұған аздап атсалысуы керек, бірақ бұл... Зеленскийге байланысты... Украина келісуі керек. Олар «жоқ» деуі де мүмкін», - деді Трамп.

«Мәміле жасаңыздар. Ресей өте алып мемлекет. Ал Украина олай емес», - деп толықтырды Америка президенті.

АҚШ президенті Путинмен кездесуді «өте жақсы» деп бағалады. Бірақ Ресей басшысымен нені келіскенін және қандай мәселеде пікір қайшылығы болғанын айтудан бас тартты.

«Мен бұл туралы көпшілікке айтпағанды жөн көремін. Бұл туралы біреулер бәрібір айтады деп ойлаймын», - деді саясаткер.

Трамп тараптардың өзі, Путин және Зеленский қатысатын кездесуге дайындықты бастайтынын жеткізді.  

«Зеленский де, Путин де менің олардың кездесуіне қатысуымды қалайды. Мен сол жерде боламын»,- деді ол.

Еске сала кетейік, Трамп пен Путин Аляскада келіссөз жүргізіп, Украинадағы қақтығысты талқылады. Мемлекет басшыларының келіссөзі екі сағат 45 минутқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар журналистердің алдында сөз сөйледі. Трамп АҚШ пен Ресейдің көп тармақ бойынша келісімге келгенін, бірақ әлі толық келісімге қол жеткізілмегенін айтты.

Серіктес жаңалықтары