$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 00:53
Әлем

Путин мен Трамптың кездесуі басталды

Саммит барысында ешқандай құжатқа қол қойылмайды

Путин мен Трамптың кездесуі басталды
Фото: Ресей президенті әкімшілігі

Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Аляскадағы келіссөздерде аудармашыны пайдаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кремльдің хабарлауынша, Путин мен Трамп кездесуінің негізгі тақырыбы Украина дағдарысын реттеу болмақ. Олар сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кең ауқымды міндеттерін, ең өзекті халықаралық және өңірлік мәселелерді қозғайды.

«Мемлекет басшылары екіжақты, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр», - деп жазды агенттік.

Путин мен Трамп шағын форматтағы келіссөздер басталар алдында кіріспе сөз айтудан бас тартты. Саммит барысында ешқандай құжатқа қол қойылмайды. Саясаткерлер бірлескен баспасөз мәслихатында қол жеткізілген келісімдер туралы хабарлайды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков шағын құрамдағы келіссөздерге қатысады. Америкалық тараптан Трампқа Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы елші Стив Уиткофф қосылады.

Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөздері кем дегенде алты-жеті сағатқа созылуы мүмкін, деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Серіктес жаңалықтары