$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Интернет арқылы тағамға тапсырыс беру кезінде нені ескеру керек

Қазақстандықтарға азық-түлікті онлайн жеткізу кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерлер ескертілді

Интернет арқылы тағамға тапсырыс беру кезінде нені ескеру керек
Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға үндеу жариялады. Онда тағамға интернет арқылы тапсырыс беру кезінде не нәрсеге назар аудару керектігі айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен, тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін интернет (әлеуметтік желілер) арқылы азық-түлікке тапсырыс беру кезінде:

  • тапсырыс берерден бұрын сайттан ақпаратты табыңыз: фирмалық атауы, орналасқан жері (тағам дайындалатын стационарлық нысанның мекенжайы) және жұмыс уақыты;
  • төлемді жеке тұлғаларға аудармаңыз, электронды пошта немесе телефон арқылы түбіртек (сатушының мекенжайы бар) алатын-алмайтыныңызды тексеріңіз;
  • қаптамада тамақтың атауы, жарамдылық мерзімі және құрамы бар-жоғына назар аударыңыз. Сондай-ақ өнімнің салмағы (көлемі), оның тағамдық құндылығын тексеріңіз. Өнімде өндірілген күні, уақыты және сақтау шарттары көрсетілуі керек;
  • интернет арқылы жеткізілген азық-түлік өнімдерін тұтынбас бұрын қаптаманың (ыдыстың) бүтіндігін және өнімнің бүлінген-бүлінбегенін тексеріңіз;
  • тамақ өнімін жарамдылық мерзіміне сәйкес сақтаңыз;
  • «күмәнді» сайттар арқылы кездейсоқ адамдардан үйде дайындалған өнімдерді, кремді кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз.

«Егер улану белгілері байқалса, дәрігерден медициналық көмек алу керектігін және ешбір жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын есте ұстаған жөн!», – делінген мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары