$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ХҚКО қызметкері әріптестерінің көз алдында сотталды

Сотқа ХҚКО операторлары қатысты

Астанада ХҚКО қызметкері әріптестерінің көз алдында сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада жүйеге жалған мәліметтер енгізген ХҚКО қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше 2024 жылдың 8 қазанында ХҚКО қызметкері белгісіз адамның Ресей Федерациясы азаматының атынан тапсырған құжаттары негізінде ақпараттық жүйеге әдейі жалған мәліметтер енгізген.

«Кейін осы ЖСН негізінде банк шоты ашылып, оған 40 миллион теңге аударылған. Бұл әрекет азамат Т.-ға және мемлекетке зиян келтірген», - деп жазылған хабарламада.

Прокурор соттан Т.-ны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ ЖСН рәсімдеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 жыл мерзімге айыруды сұрады.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, қорғау тарапы оның ақталуын сұрады.

Сот үкім шығарды

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Айыпталушының жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ. Бұған дейін сотты болмаған.

«Сот Т.-ны Қылмыстық кодекстің 206-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті». – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ол шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру және түзетуге өтінім қабылдау қызметімен айналысу құқығынан 2 жыл мерзімге шеттетілді.

Амнистия туралы заң негізінде жазаның мерзімі 1/3-ге қысқартылды, енді ол қауіпсіздігі минималды мекемеде 2 жыл жазасын өтейді. Үкім ХҚКО операторларының көз алдында жарияланып, мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Серіктес жаңалықтары