$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстан президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді

Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда

Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президентінің сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеді.  Сарайға келген сәтінде мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді. 

«Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, зеңбіректен 21 рет оқ атылды», - деп жазылған хабарламада.

Екі елдің басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізді.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Тоқаев бүгін әлемге танымал компанияның басшысын қабылдады.

Серіктес жаңалықтары