29.07.2025, 21:01
Жаңалықтар
«Сіз де әдетке айналдырыңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы қанша жыл өмір сүргісі келетінін айтты
Ол азаматтарды 15 пайдалы іс-әрекетті күн сайын орындауға шақырды
Фото: polisia.kz
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ өмір сүріп, шөпшегінің қолынан май жалағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында 15 пайдалы іс-әрекетті күн сайын дағдыға айналдыру қажет екенін жазды:
- Денсаулық бірінші орында,
- Уақытында ұйықтаймын,
- Кіріс пен шығысты қадағалаймын,
- Алкоголь мен темекі – ТАБУ,
- Жарты жыл сайын тексеруден өту,
- Керек дәрумендерді ғана қабылдаймын,
- Күйзелісті экологиялық түрде жеңуге тырысамын,
- Зейін мен назарды күнде жаттықтырамын,
- Таңертеңгі ішкі күйімді тыңдаймын,
- Мақсат қойып, нақты әрекетке көшемін,
- Уақытылы әрі сапалы демаламын,
- Өзімді, эмоциямды басқаруды үйреніп жүрмін,
- Күн сайын шүкірлік етемін,
- Диджитал-детокс жасап тұрамын,
- Эмоциямды іште тұншықтырмаймын.
«Шөпшегімнің қолынан май жаласам деймін… бұйыртса! Сіз де осы 15 іс-әрекетті әдетке айналдырсаңыз, геронтологтардың айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар. Түртіп алыңыз, бөлісуді ұмытпаңыз!», - деп жазды журналист.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды