29.10.2019, 04:45
Жаңалықтар
Қанат Ислам әлемдік рейтингте ТОП-20 тізіміне кірді
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) титулын сәтті қорғағаннан кейін өз дивизионында 12 саты жоғарылады деп жзады Vesti.kz
Фото: ашық дереккөзден
Орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін жекпе-жек Алматыда өткен болатын. Қазақ боксшының қарсыласы намибиялық Уолтер Каутондоква болды.
Он раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңді, ал бесінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберген еді. Осылайша, Қанат Ислам BoxRec рейтингінде ТОП-20 тізімге кіріп, 17-ші орынға жайғасты.
Бұл қазақ боксшының 27 жекпе-жектегі 27-жеңісі (21 нокаут). Ал, Каутондоква екінші рет жеңіліп тұр, ол 18 рет жеңіске жеткен (17 нокаут).
Көп оқылған
07.08.2026, 12:12
Қызғаныш қасіретке ұласты: Семей тұрғыны экс-жұбайын сойылмен ұрып өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
07.08.2026, 08:29
Тойдан кейінгі жанжал: Көкшетауда жас жұбайлар уақытша ұстау изоляторынан бір-ақ шықты
07.08.2026, 09:48
«Жәбірленуші болып қаламын»: жұбайының қазасынан кейін 8 ай өткен соң үйленген Әділет Зейнел істі соңына дейін жеткізетінін айтты
07.08.2026, 16:42
Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды
07.08.2026, 15:54
Білім грантының иегерлері анықталды: тізімді қайдан көруге болады