$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 02:43
Жаңалықтар

Қазақ анимациясына арналған пошта маркалары жарыққа шығады

«Қазақфильм» киностудиясының Youtube видеопорталындағы ресми каналында тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан мультфильмдер жүктелді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі

Қазақ анимациясына арналған пошта маркалары жарыққа шығады
Фото: kazakhfilmstudios.kz

«Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов осы жылдың соңына дейін бүгінгі қазақ анимациясына арналған пошта маркаларының жарыққа шығатынын айтты. Бұл маркаларда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Анимациялық кино» шығармашылық бірлестігінде түсірілген мультфильмдердің («Қошқар мен теке», «Мақтаншақ қыз», «Ер Төстік және Айдаһар») кадрлары бейнеленетін болады.  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның тәуелсіздік жылдары жарыққа шығарған бірнеше анимациялық фильмдерді «Қазақфильм» киностудиясының youtube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.

Анимациялық фильмдердің тізімі:

1.    «Күлтегін» / Режиссері - Адай Әбілдинов / 2017 жыл.

2.    «Мұзбалақ» /Режиссерлері -Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы / 2017 жыл.

3.    «Тимур мен Жаник» / Режиссері - Рамиль Усманов/ 2010 жыл.

4.    «Тимур мен айдаһар» / Режиссері - Рамиль Усманов  / 2013 жыл.

5.    «Жерұйық» / Режиссері - А.Әбілдинов / 2013 жыл.

6.    «Мақтаншақ қыз» / Режиссері - Рамиль Усманов  /2011 жыл.

7.    «Қошқар мен теке» / Режиссеры - Батырхан Дәуренбеков / 2008 жыл.

8.    «Ер Төстік және Айдаһар» / Режиссерлері  -  Жәкен Даненов, Рустам Тұралиев / 2012 жыл.

9.    «Қазақстан  -  біздің ортақ үйіміз»  (9 сериялы анимациялық цикл)/2014 жыл.

10.   «Қазақ Елі» /Режиссері - Б. Дәуренбеков/ 2015 жыл.

Одан бөлек, «Қазақфильм» киностудиясы қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді, оның ішінде қазақ киносының классигі Шәкен Айманов түсірген барлық фильмдерді өзінің youtube желісіндегі ресми арнасына жүктеуді жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн.   

Серіктес жаңалықтары