$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 05:32
Жаңалықтар

«Головкин шаршаған секілді»: бокс коментаторы GGG туралы ойын айтты

Комментатордың айтуынша, Головкин баяғы қалпында, тек бұрынғы жалын жоқ

«Головкин шаршаған секілді»: бокс коментаторы GGG туралы ойын айтты
Фото: vesti.kz

Аты аңызға айналған бокс комментаторы Владимир Гендлин «Советский спорт» порталына берген сұхбатында Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) мен Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

«Білесіздер ме, бұл жекпе-жекте пікірілер екіге жарылатындай дүние болды. Біріншіден, Деревянченко таңдандырды. Оның бұл жекпе-жекте мұнша жақсы жұдырықтасатынын күтпедім. Екіншіден, Головкин шаршаған сияқты көрінді. Жекпе-жек оның шеберлігі мен физикалық тәжірибесі арқасында өтті, бірақ, оның көзінен бұрынғы ұшқын байқалмады. Ал Деревянченко тамаша көрінді, оған қарсы ештеңе айта алмайсың», деді ол.

Комментатордың айтуынша, Головкин баяғы қалпында, тек бұрынғы жалын жоқ.

«Бұл біріншіден, ал екіншіден, мүмкін сырқаты әсер еткен шығар. Өйткені аздаған әлсіздіктің өзі орындау шеберлігіне қатты әсер етеді. Деревянченко болса Головкинмен жекпе-жекте қайтпады, техникасы айтарлықтай жақсы деңгейде болды, жылдамдығы да жақсы. Бір сөзбен айтқанда, қазір боксқа керектің бәрі бар», дейді Владимир Гендлин.

 

Серіктес жаңалықтары