Көкшетауда жұрттың көзінше жалаңаш суға түскен ер адам қамауға алынды
Ол жұрттың көзінше іш киімін шешіп, бейәдеп әрекет жасаған

Көкшетаудағы Қопа көлінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы
Куәгерлердің айтуынша, ер адам шешініп, жалаңаш суға түсуге бел буған. Сол сәтте жанынан өтіп бара жатқан қыз балаларға қарап іш киімін шешіп, «Қыздар, қараңдар!» деп айғайлаған.
Жалаңаш шомылған азамат қамауға алынды
Оның бұл әрекеті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Құқық қорғау органдары дереу әрекетке көшіп, бейәдеп адамды екі сағат ішінде анықтап, ұстаған.
«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды», – делінген Ақмола облыстық ПД хабарламасында.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын бұл оқиғаның видеосы «Svoi_kokshetau» Instagram парақшасында жарияланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы уақытта болған.
Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп пен әдептілік сақтауға шақырады.