$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

FlyArystan компаниясынан шу шықты: Ақтауда жолаушылар түнді әуежайда өткізді

FlyArystan рейсі пилоттың болмауына байланысты кешіктірілді

Ақтау – Алматы бағытына жоспарланған FS 7178 рейсінің жолаушылары түнді Ақтау әуежайында өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылардың айтуынша, рейстің кешігуіне ұшқыштың болмауы себеп болған.

«Жертөледегідей жағдай!»

Кешіктірілген рейс жолаушылары әуежайдағы күту жағдайына наразы болды. Олардың бірі былай деп шағымданды:

«Алты сағат бойы жерде, чемоданның үстінде отырдық! Суық, көрпе жоқ, ешқандай ақпарат берілмеді. Миллиардтаған табысы бар компания, ал жағдай – жертөледегідей», - дейді.

Қызу наразылық пен полицияның келуі

Оқиға үлкен резонанс тудырды. Тіпті полиция қызметкерлері әуежайға келуге мәжбүр болды. Рейс бастапқыда түнгі 02:05-те ұшуы тиіс болған, кейін 06:45-ке, одан соң 22:30-ға шегерілген.

Авиакомпанияның айтуынша, кешігу себептері ретінде «ұшақтың кеш келуі» мен «өндірістік қажеттіліктер» көрсетілген.

Авиакомпания не дейді?

FlyArystan баспасөз қызметі жолаушыларға сусын мен тамақ берілгенін, ал 23 адамға сағат 09:30-дан бастап қонақүйге орналастыру ұсынылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, компания билеттерді тегін қайта броньдау мен толық ақшаны қайтару мүмкіндігін де ұсынған.

«Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біздің басты басымдығымыз – ұшу қауіпсіздігі», – деді FlyArystan баспасөз қызметі.

Қазіргі жағдай қандай?

Авиакомпанияның хабарлауынша, барлық жолаушы орналастырылған. Жағдай бақылауға алынған.

Серіктес жаңалықтары