$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық банк қазақстандықтардың шоттары туралы ақпаратты не үшін жинайтынын түсіндірді

Ұлттық банк өкілі жаңашылдық банк клиенттерінен ешқандай қосымша іс-әрекетті талап етпейтінін атап өтті

Ұлттық банк қазақстандықтардың шоттары туралы ақпаратты не үшін жинайтынын түсіндірді
Фото: Ұлттық банк

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап банктік шоттар мен депозиттер бойынша есеп берудің жаңа нысандарын, мерзімдері мен ережелерін бекітетін Ұлттық банк басқармасының қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің Қаржы нарығы статистикасы департаментінің бас маманы Дәурен Әліпбекұлы түсіндіргендей, жаңашылдықтың мақсаты – банктік шоттар мен салымдары бойынша деректер базасын құру.

Оның айтуынша, мұндай жүйе:

  • статистика мен талдау сапасын арттыруға,
  • қаржы секторындағы өзгерістерге жедел ден қоюға;
  • цифрлық шешімдерді әзірлеуге,
  • сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 Дәурен Әліпбекұлы жаңашылдық тек есеп беруге қатысты екенін және банк клиенттерінен ешқандай қосымша әрекеттерді талап етпейтінін атап өтті. Деректерді жинау және өңдеу тәртібі өзгеріссіз қалады.

"Жеке тұлғаларға қатысты ақпарат қандай да бір жеке мәліметті жарияламастан беріледі. Банктер мен басқа да қаржы ұйымдары есеп-қисапты қатаң түрде банктік құпия және жеке деректерді қорғау туралы заң аясында береді", - деді Ұлттық банк өкілі.

Есеп-қисапты екінші деңгейлі банктер, Қазақстанның Даму банкі және ұлттық пошта операторы тапсырады.

Серіктес жаңалықтары