$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Ол 68 жастағы әйелге несие рәсімдеуге көмектесуге уәде берген

Семейде 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com

Семейде 76 жастағы зейнеткер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше қалалық полицияға 68 жастағы зейнеткер шағымданған. Ол 2024 жылдың қазан айында несие рәсімдеуге көмектесуге уәде берген Қазбек есімді азаматқа 100 000 теңге бергенін айтқан.

"Алайда ақша алғаннан кейін ол азамат байланысқа шықпаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол – Семей қаласының 76 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті өз кінәсін мойындап, ақшаны жұмсап жібергенін айтты. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Абай облысы полиция департаменті:

  • несие мен басқа да қаржылық қызметтерге байланысты мәселелерді бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға;
  • барлық банктік операцияны тек ресми мекемелер арқылы жүргізуге;
  • күмәнді жағдай туындаған кезде бірден полицияға немесе "102" нөміріне хабарласуға шақырды.
Серіктес жаңалықтары