$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 2 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

Жүргізуші 38 мәрте жол ережесін бұзған

Атырауда 2 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды
Фото: istockphoto.com

Атырауда 1,9 млн теңге айыппұлды төлемеген көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Polisia.kz мәліметінше жедел басқару орталығының қызметкерлері «Interceptor» автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы жалпы сомасы 1 904 620 теңге болатын айыппұлы бар автокөлікті анықтады.

«Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушінің 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны белгілі болды. Toyota Camry автокөлігі қала көшелерінің бірінде жүрген кезде жүйе арқылы тіркеліп, бұл дерек жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама түрінде берілген», - деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде көлік жол бойында тоқтатылып, арнаулы тұраққа қойылды. Көлік иесі – 32 жастағы қала тұрғыны.

Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

Айта кетейік, «Interceptor» жүйесі — бұл арнайы бейнебақылау мен талдау құрылғылары арқылы айыппұлы бар немесе іздеуде жүрген көліктерді автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды жүйе. Ол полицияның жұмысын жеделдетіп, жолдағы құқық бұзушылықты азайтуға көмектеседі.

 

Серіктес жаңалықтары