Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға шұғыл үндеу жасады
Ведомство азаматтарды сақ болуға шақырды

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығының атынан жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp және Telegram арқылы таратып отыр», - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:
- күмәнді хабарламаларға сенбеу;
- бөгде сілтемелерге өтпеу;
- белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
- алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру керек.
Еске сала кетейік, бұған дейін жасанды интеллект алаяқтықтың жаңа түрінің пайда болуына түрткі болғаны хабарланған болатын. Енді алаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен елге белгілі тұлғалардың бет-бейнесін жасап, халықты арбауға көшкен. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы бейнероликтер кең таралуда. Алаяқтар танымал медиа тұлғалар мен ірі компания басшыларының атынан жалған ақпарат тарату арқылы халықты құрығына түсіруге тырысып жатыр.