03.07.2025, 02:04
Жаңалықтар
Астана күніне орай 100-ден астам мерекелік іс-шара өтеді
Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың тізімі жарияланды

Фото: istockphoto.com
Астанада қала күніне орай 100-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
3 шілде
- "JazzVIBE" концерті (Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр);
- Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында алғашқы қалалық спартакиада (Паралимпиада орталығы);
- "Сарайшық" ауданы ұйымдары арасында волейболдан турнир (Б. Саттарханов атындағы спорт кешені);
- қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты (Beeline Arena, 3-5 шілде күндері).
4 шілде
- "Аялаған Астана" атты мерекелік концерт (Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы);
- Street-art форматындағы "Астанаға арнау" көше фестивалі (М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы);
- Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен "Менің мамандығым – мақтанышым" атты қалалық шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ("Жастар" сарайы);
- Еліміздің үздік әншілері, күйші-жыршылардың қатысуымен "Асыл мұра" атты мерекелік концерт (Бейбітшілік және келісім сарайы);
- асық атудан "Астана сақасы" турнирі ("Ғашықтар" саябағы);
- "Асқақтаған Астана!" мерекелік іс-шарасы - Домбыра party ("Нұржол" бульвары);
- "QALA FEST" фестивалі мен кітап жәрмеңкесі ("Жетісу" саябағы);
- зейнеткерлер арасында шахмат турнирі ("Ғашықтар" аллеясы);
- Байқоңыр ауданының коммуналдық қызметкерлері арасында мини-футбол турнирі;
- "Коммуналдық қызметкерлер" скверінің ашылу салтанаты (Абай даңғылы бойында).
5 шілде
- грек-рим, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және автошеру қамтылған күрес фестивалі (Триатлон паркі);
- "Астана – арман қала" атты мерекелік концерт (Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр);
- VI "Әскери керней" әскери-музыкалық фестивалі ("Ғашықтар", "Жетісу" мен "Жерұйық" саябақтары, ал 6 шілде күні "Қазақ елі" монументі маңайында гала-концертпен аяқталады);
- "Мерекелік саябақ" отбасылық демалыс фестивалі (Орталық саябақ, 5-6 шілде күндері);
- Қалалық перформанстар фестивалі (5-6 шілде күндері);
- Жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет "Армандар орындалады" спектаклі қойылады (Мемлекеттік драма және комедия театры, 5-6 шілде күндері);
- Сондай-ақ, "Жастар", "Наз" бен "Қанаттылар" театрларында және музыкалық жас көрермен және Максим Горький атындағы академиялық орыс театрында жоспарланған спектакльдер қойылады.
6 шілде
- Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шаралар ("Атырау" көпірі мен Орталық саябақ, мерекелік бағдарлама Амфитеатр сахнасында жалғасады);
- "Jastar Energy" жастар концерті ("Қазақ елі" монументі алаңында);
- отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен OPEN AIR концерті ("Астана-Арена" стадионы аумағында);
- заманауи би түрлерінен жастар арасында "Елордалық батл" би сайысы ("Ақжайық" сквері);
- бәйге түрлерінен "Елорда кубогы" турнирі және қазақтың ұлттық спорт түрлерінің үздіктері мен мықтылары қатысатын "Толағай" сайысы ("Қазанат" ипподромы);
- Дүниежүзілік бокс қауымдастығы World Boxing аясында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогының финалы (Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, басталуы сағат 14:00-де, кіру тегін);
- Сонымен қатар қаланың тұрғын алаптарында күндізгі мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Мереке күндері қала бойынша жаңа абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер мен аулалар ашылады.
7 шілде
- Амфитеатр сахнасында "Алтын домбыра" мектебінің 400 оқушысының қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған тағы бір мерекелік-концерттік бағдарлама өтеді.
8 шілде
- Тура сол жерде "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұйымдастырылады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
16.08.2025, 09:00
Трамп Путинмен кездескеннен кейін Зеленскийге кеңес берді
16.08.2025, 21:56
«Екеуі де ажырасқан»: желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)
16.08.2025, 11:39
«Оралатын кез келді»: шетелге көшіп кеткен актриса елді сағынғанын айтты
Редактордың таңдауы
14.08.2025, 15:26
Отбасы банк ақша тапты: «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады