$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Құрбан айт намазының кестесі шықты

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні

Құрбан айт намазының кестесі шықты
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрбан айт 6 маусымда басталады

«6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!», - деп жазылған хабарламада.

Бір күн демалыс беріледі

Қазақстан заңы бойынша қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні демалыс беріледі.

Құрбан айттың бірінші күні, яғни 6 маусым жұмаға түсіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.

Серіктес жаңалықтары