Дауыл соғады: Қазақстанның басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды
Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады

3 маусымда елордада, Шымкентте және Қазақстанның 14 өңірінде метеорологиялық жағдай қолайсыз болады. Синоптиктер дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында түнде және күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте найзағай ойнайды, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз батыста оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.
Қостанай облысында найзағай ойнайды, күндіз солтүстікте және шығыста бұршақ жауады. Күндіз шығыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Батыс, шығыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Павлодар облысында найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстіктен жел соғады, орталықта екпіні 15-20 м/с. Солтүстік-батыста және орталықта жоғары өрт қаупі, шығыста, оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Батыста, шығыста, оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды.
Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20, солтүстікте кей жерлерде 23 м/с. Күндіз оңтүстікте 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады, солтүстікте, шығыста, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан, солтүстіктен, шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с. Батыста, оңтүстікте, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз екпіні 18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-шығыста, орталықта шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстікте, батыста, солтүстікте және Атырауда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Күндіз 15-20 м/с жел соғады. Шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғады. Орталықта жоғары, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, тау бөктеріндегі аудандарда, сондай-ақ Шымкент, Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте, батыста, шығыста, таулы аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі, орталықта, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.