Қапшағайдағы 11 жасар баланың өлімі: полиция түсініктеме берді
Оқыс оқиға 24 мамыр күні Қонаев қаласында болды

Қапшағайдағы демалыс орындарының бірінде тоқ соғып, мерт болған 11 жасар баланың оқиғасына қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 24 мамыр күні Қонаев қаласында болды. Ал бұл орынның қауіпті екені туралы ешқандай қоршау орнатылмаған.
«Қонаев қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайларын жан-жақты зерттеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес және тергеп-тексерудің мүддесі үшін жария етуге жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, Қонаев қаласының әкімдігі қайғылы оқиғадан кейін ғана іске көшкені туралы осыған дейін хабарланған.