Қаржаубай Нұрымов кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа кешірім беруді сұрайды – адвокат
Прокурор оны 1 жыл 6 айға соттауды сұраған еді

Жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөзде сотталушылардың Шерзат Полаттың денсаулығына қасақана зиян келтіргеніне назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сотталушыларды қатаң заң бойынша жазалауды сұраймыз. Осы негізде моральдық зиян келтіруге қатысты ақшалай өндіруді де қолдауды сұраймыз», - деді Шекеев.
Жәбірленуші тарап 9 сотталушыға қатаң жаза шығарып, моральдық шығынды толық өтеуді қанағаттандыруды сұрады.
«Шерзаттың рухына тағзым ете отырып, әділ, заңды шешім шығаруды сұраймыз. Қаржаубай өз тарапынан Думан Ысқаққа кешірім беруді сұрағанын жеткізгім келеді»,- деді адвокат.
Осыған дейін прокурор Дана Сәрсенбай Думан Ысқақты 1 жыл 6 ай бас бостаныдығынан айыруды сұраған еді. Ал қалған сотталушыларға 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.