29.05.2025, 22:25
Жаңалықтар
Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады
Онлайн ауыстыруға болатын жолы анықталды
Фото: Azattyq Rýhy
Қазақстанда eGov.kz порталы мен Mgov мобильді қосымшасы арқылы жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қызмет Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес күшіне енді.
Қызметті мынадай жағдайда пайдалануға болады:
- Жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалса;
- Немесе куәліктің мерзімі 10 күннен артық емес уақыт бұрын аяқталған болса.
Қызметті онлайн алу тәртібі
- eGov.kz порталына немесе Mgov мобильді қосымшасына кіріп, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу керек.
- Өтінішті толтырып, фото мен қолтаңба үлгісін Қағидаларға сәйкес тіркеу қажет. Өтінішке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе SMS-пароль арқылы қол қойылады (SMS-парольді пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).
- Өтініш берушінің тұрақты тіркелген мекенжайы болуы қажет. Егер өтініш берушіде тұрақты тіркеу болмаса немесе тегі, аты-жөні не туған күні өзгерген болса, онда «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа жүгіну қажет.
- Мемлекеттік баж салығын төлеу қажет (қалауыңыз бойынша жеделдетілген қызметті таңдай аласыз).
Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өтінішіңіздің өңделуі туралы хабарламамен таныса аласыз — ол белгіленген уақыт аралығында келеді.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді