$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Италияның премьер-министрі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Астана әуежайында аз-кем әңгімелесті

Италияның премьер-министрі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Астана әуежайында аз-кем әңгімелесті.

«Сізді Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз сөзінде Джорджа Мелони Қазақстанға алғаш рет келіп тұрғанын тілге тиек етті.

«Сіздің еліңізге алғаш рет келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Өзіңіз айтқандай, екі елдің қарым-қатынасы өте жақсы. Алайда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге әрдайым мүмкіндік бар. Біз Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде Орталық Азия өңірі стратегиялық мәнге ие болды. Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші «Италия – Орталық Азия» саммитін ұйымдастырғаныңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл басқосу аймақпен қарым-қатынасымыздағы тарихи сәт болады деп ойлаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде біз үшін барлық деңгейде ынтымақтастық орнату өте өзекті», - деді Джорджа Мелони.

Серіктес жаңалықтары