29.05.2025, 21:56
Жаңалықтар
«Бала Жамбыл» атанған ақын қазір қайда жүр (ВИДЕО)
Оның бала күнінде жазған өлеңдері түрлі байқауларда топ жарған
Фото: Видеодан скрин
Осыдан бірнеше жыл бұрын «бала Жамбыл» атанып, көпшіліктің көзайымына айналған Жамбыл Дүйсенов қазір қайда жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл Дүйсеновтің бала күнінде түрлі өлеңдер жазып, байқауларда топ жарғаны әлі күнге жұрттың есінде.
Бірнеше күн бұрын желіде блогер «бала Жамбылға» іздеу салған. Көп ұзамай оның АҚШ-та жүргені белгілі болды. Дәлірек айтқанда, Нью-Йорк қаласында білім қуып жүр. Желіде тараған видеоларда ол ата-анасына Times Square орталығынан сәлем жолдайды.
«Біз Нью-Йорктың дәл ортасындамыз. Біз тұрған Times Square-ге адамдар жиналады. Айналамызда адамдар толып жүр. Бұл өте әдемі, күшті жер», – «бала Жамбыл» өзінің видеосында.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді