$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында жыл басынан бері жол апатынан ондаған адам қаза болды

Салдарынан 500-ден астам адам жарақат алды

Қостанай облысында жыл басынан бері жол апатынан ондаған адам қаза болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қостанай облысында жыл басынан бері 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 540 адам түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – жылдамдықты асыру. Жылдың алғашқы төрт айында осы себеппен 23 апат тіркеліп, 3 адам көз жұмды, 34 адам жарақат алды.

«Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында, өңірлік Полиция департаменті тарапынан алдын алу іс-шараларының кешені жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде облыс жолдарында заманауи «Ekin X-Spotter» құрылғыларымен жабдықталған қызметтік автокөліктер көмегімен патрульдеу ұйымдастырылды.

Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жолда белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, жол белгілері мен бағдаршам сигналдарына мән беруге және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары