Каспий теңізіне батып бара жатқан бозбаланы куәгерлер құтқарып қалды (ВИДЕО)
Оқыс оқиға Ақтау қаласындағы 7А шағын ауданында болды

Ақтау қаласында Каспий теңізіне батып бара жатқан бозбаланы өтіп бара жатқандар құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Ақтау қаласындағы 7А шағын ауданында болды.
«ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының (2 құтқарушы және 1 жүзу құралы) күшімен судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат шараларын жүргізу кезінде 2011 жылы туған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Белгілі болғандай, ол шомылуға арналмаған жерде суға түскеннен кейін батып кете жаздаған. Оны сол маңда болған куәгер байқап, құтқарып қалды. Кейін зардап шеккен жасөспірім жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
«Жағдайы – қанағаттанарлық. ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігінде», - деп хабарлайды облыстық ТЖД.