Абай облысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған әйел адам сотталып кетті
Ол айыппұл төлей алмайтынын айтып, бас бостандығынан айыруды сұраған

Абай облысының 50 жастағы тұрғыны қайтыс болған әкесінен қалған оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қару» жедел алдын алу шарасы аясында тінту жүргізілді
Абай облыстық полиция департаментінің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел-алдын алу шарасы аясында 50 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне жедел тінту жүргізген.
Нәтижесінде, тұрғын үйден оқ-дәрілер табылып, тәркіленген.
Әйел кінәсін мойындап, шектеу жазасын сұраған
Тергеу барысында әйел адам кінәсін толық мойындап, оқ-дәрілердің қайтыс болған әкесінен қалғанынайтқан. Сонымен қатар, айыппұл төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін жеткізіп, бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған.
Сот шешімі: 6 ай шектеу және қоғамдық жұмыс
Соттың шешімімен азаматшаға:
- 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды;
- Сонымен бірге, жұмыссыз жүрген кезеңінде 50 сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмыс істеуі міндеттелді.