$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде медальға сәл ғана жетпей қалды

Қазақстан құрамасы әзірге бір ғана қола медаль алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде медальға сәл ғана жетпей қалды
Фото: Olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар аралас эстафетада төртінші орын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

4x400 метрлік аралас эстафета: үздік төрттікте

Қазақстан құрамасы аралас 4x400 метрлік эстафета жарысында төртінші орынды қанағат тұтты. Жарысқа Михаил Литвин, Александра Залюбовская, Андрей Соколов және Кристина Кондрашова қатысты. Олар межелі қашықтықты 3 минут 22.70 секундта жүгіріп өтті.

Жарыстың нәтижелері:

  • 1-орын – Үндістан (3:18.12);
  • 2-орын – Қытай (3:20.52);
  • 3-орын – Шри-Ланка (3:21.95).

Жүлдеге үміттілер финалға жолдама алды

28 мамыр күні екі отандасымыз финалға жолдама алды:

  • Давид Ефремов – 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру;
  • Анастасия Рыпакова – ұзындыққа секіру.

Бұл спортшылар 29 мамыр күні өтетін финалда жүлделі орындарға таласады.

Қазақстан қоржынында әзірге бір ғана медаль

Екі күндік жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы бір ғана медаль еншіледі. 20 шақырымдық спорттық жүріс сайысында Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдені жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары