29.05.2025, 02:20
Жаңалықтар
Абай облысында мас жүргізушілердің кесірінен бірнеше адам қаза болды
Жыл басынан бері жүздеген мас жүргізуші ұсталды
Фото: freepik.com
Абай облысында жыл басынан бері мас жүргізушілердің кесірінен бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жалпы, жыл басынан бері өңір аумағында мас күйінде көлік жүргізудің 287-ден астам дерегі тіркелген.
«17 қылмыстық іс қозғалды, 7 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Сәтбаев қаласында үш жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші небәрі 20 тәулікке қамалғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр