$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәтбаевта үш жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші небәрі 20 тәулікке қамалды

Ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды

Сәтбаевта үш жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші небәрі 20 тәулікке қамалды
Фото: freepik.com

Сәтбаевта үш жасөспірімді қағып кеткен мас жүргізуші небәрі 20 тәулікке қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 25.05.2025 жылы сағат 20:10 шамасында Сәтбаев қаласындағы Абай көшесінің бойында болған. Мас жүргізуші жол көлік оқиғасын жасап, үш бірдей жасөспірімге дене жарақаты мен материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

«Іс материалдарын зерделеп, сот құқық бұзушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608 бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары