$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Ол алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Фото: Azattyq Rýhy

Павлодар облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында халықаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды. Полицейлер күдіктіні өнеркәсіптік нысандардың бірінен анықтап, қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұсталған азамат аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген. Қазір ол уақытша қамау изоляторында отыр. Оны іздеуге бастамашы болған елге экстрадициялау рәсімдері басталды», — деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.

«Мигрант» іс-шарасы аясында 262 адам жауапқа тартылды

Жедел іс-шараның алғашқы үш күнінде құқық қорғаушылар миграциялық тәртіп бұзған 262 адамды анықтады. Оның ішінде:

  • 175-і – шетел азаматтары;
  • 87-сі – Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • 13 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды;
  • 5 іс сотқа жолданып, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуда.

Ішкі істер органдары миграциялық бақылауды күшейтті

Павлодар облыстық ПД мәліметінше, «Мигрант» іс-шарасы шетел азаматтарының елде заңсыз жүруін анықтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасады.

Серіктес жаңалықтары