$ 520.93  609.07  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астананың қақ ортасында жезөкшенің қызметін жарнамалағандар анықталды

Жезөкшенің қызметі Астанадағы алып шолу дөңгелегінің жанында көрініс тапты

Астананың қақ ортасында жезөкшенің қызметін жарнамалағандар жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жезөкшенің қызметі Астанадағы алып шолу дөңгелегінің жанында көрініс тапты. Оқиғаға қатысты Астана қаласының Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында LED-экранда әдепсіз мазмұндағы жазуы бар хабарландырудың орналастырылғаны анықталды. Аталған факт тіркеліп, компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді.

Хабарландыру жарияланған сәтте компания басшылығы құқықбұзушылықтың Wi-Fi желісін бұзу арқылы жасалғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша материалдар жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мақсатында жергілікті атқарушы органға жолданды», - дейді Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Айта кетейік, осыған дейін Астананың қақ ортасында жезөкшенің жарнамасы жарияланғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары