«Түрлі сынақтан өттік»: Жұлдыз Әбдікәрімова елдің алдында жан сырын ақтарды
Ол желіде арнайы жазба жариялады

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова елдің алдында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің жұбайы мектеп бітірген тұңғыш қызына арнап арнайы жазба жариялады.
«Сезім қызым! Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай!
11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… Ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым! Құрметті түлектер ақ жол!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың әйелі жазбасымен жұртты ойға қалдырғаны хабарланған болатын.