$ 510.81  578.59  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында қауын пісті

Бүгінге дейін өңір диқандарына 672,8 млн текше метр су берілді

Түркістан облысында қауын пісті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинады. Су ресурстары және ирригация министрлігі оны судың ерте берілуімен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, суармалы судың егістікке ерте берілгенінің арқасында Түркістан облысы Жетісай ауданының диқандары қауынның алғашқы өнімін мерзімінен бұрын жинады.

Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының мәліметінше, бүгінгі таңда Жетісай ауданының диқандарына 12 578 гектар ауыл шаруашылығы жерін суару үшін 39,5 млн текше метр су берілген.

«Облыс диқандарына суармалы су наурыз айынан беріле бастады. Суды тек біздің филиалмен арнайы келісімшарт жасаған шаруашылықтар ғана алып отыр. Қазіргі таңда өңірдегі шаруа қожалықтарымен 275 мың гектардан астам алқапқа жалпы көлемі 2,4 млрд текше метрден астам су беру жөнінде 8 892 келісім жасалған. Қазірдің өзінде өңір диқандарына 672,8 млн текше метр су берілді», – деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Серіктес жаңалықтары