Қазақстаннан 25 жыл бұрын көшіп кеткен немістердің видеосы жұртты тәнті ентті
Олар қазақтың салт-дәстүрін де ұмытпапты

Германияға 25 жыл бұрын көшкен этникалық немістер қазақша сөйлеп, ұлттық дәстүрді ұмытпағандарын көрсетті. Олар Қазақстанға деген сағынышын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 жыл бойы қазақ тілін ұмытпаған немістер жұртты тәнті етті
Әлеуметтік желілерде Германияға осыдан ширек ғасыр бұрын көшіп кеткен этникалық немістердің қазақша сөйлеп, ұлттық киім киіп жүрген видеосы кеңінен таралды. Видеоны көрген көпшілік олардың ана тілімізді ұмытпағанына риза болған.
Қарағандыдан Германияға – сағынышқа толы естеліктер
Бейнежазбада сөйлеген азаматтардың бірі – Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу ауылынан шыққанын айтса, екіншісі тура 25 жыл бұрын Қарағанды қаласынан Германияға қоныс аударғанын айтып берді. Олар Қазақстанмен байланысын үзбегенін және туған жерге жиі келіп тұруға тырысатынын атап өтті.
«Қазақстанды ұмытпаймыз. Мүмкіндігінше барып тұрамыз. Ол жақта достарымыз қалды», – деді олар.
Наурыз мейрамы өтіп кеткенімен, азаматтар Ұлыстың ұлы күніне орай өздерінің шынайы тілектерін айтқан еді.
«Халық аман болсын. Ауырмаңдар. Қазақстан, алға!», – деп жүрекжарды лебіздерін білдірді олар.