$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның жолдары Қытайдан кем емес – «ҚазАвтоЖол» басшысы

Ол көршілес елдердегі ақылы жолдың бағасы жайлы айтты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев «Jibek Joly» телеарнасында журналист Ерболат Мұхамеджанға берген сұхбатында Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» басшысы ақылы жолдардың бағасына байланысты пікір білдірді.

«Елімізде 2013 жылдан бастап ақылы жолдар енгізілді. Содан бері бағасы көтерілген жоқ. 1 теңге = 1 шақырым болды. 2023 жылы 20%-ға қымбаттады. Содан кейін міне биыл тағы орташа 27-28%-ға қымбаттады. Енді нақты айтсақ, жеңіл көліктер 1 теңге болса, қазір 2-3 теңге әр нысанға байланысты. Ауыр жүк көліктер 32 теңге болды. Қазір 36,7 теңге көлемінде. Сол жалпы орташа есеппен 27-28%-ға ұлғайды», - дейді ол.

Сонымен қатар спикер өзге елдердің де тарифтеріне де тоқталды:

«Басқа елдермен салыстырғанда, Ресей мен Беларусь Республикасымен салыстырсақ, жеңіл көліктерге шақырымы 7 теңге. Беларусьта, қателеспесем, 20 теңге. Жүк көліктері үшін Ресейде – 60-70 теңге шамасында, Беларусьта – 70-80 теңге көлемінде. Ал Польша мен Қытайды алсақ, оларда – 90-250 теңге аралығында».

Оның айтуынша, қазақстандық ақылы жолдардың сапасы шетелдік магистральдерден кем түспейді:

«Біздің ақылы жолдарымыз, магистральдарымыз одан кем емес деп ойлаймын. Өйткені Қытайда биыл қыста болдым, жолдарын толық көрдім. Технология бір, бірақ ең мағыналы мәселе – күтіп-ұстау жұмысы. Уақытымен жөндеу жүргізу, тазалау мәселесі бізде қиындау болып тұр», - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда 50 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар бар екені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары