$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2025, 10:51
Қоғам

Қазақстанда 50 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар бар

Биыл алты мың шақырымда орташа жөндеу жүргізіледі

Қазақстанда 50 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдар бар
Фото: istockphoto.com

Көлік министрі Марат Қарабаев 30 жылдан 50 жылға дейін жөндеу көрмеген жолдар биыл толығымен жөнделетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, министрлік алдына 10 мың шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу міндеті қойылған. Былтыр 5 мың шақырымында жұмыстар басталып, 1 мың шақырымы іске қосылды. Биыл қалған 6 мың 600 шақырымда орташа жөндеу жүргізіледі.

«Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан (1 358 км), Ақмола (1 262 км) және Абай (1 015 км) облыстарында ең ауқымды жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ, 30 жылдан 50 жылға дейін жөндеу жүргізілмеген Петропавл мен Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы (156 км), Қарағанды – Аягөз – Бұғаз (452 км) жолдары толығымен жөндеуден өткізіледі», - деді Қарабаев Үкімет отырысында.

Министр бұл жолдар өңіраралық аудан мен ауданның арасын қосатын, халықтың тікелей игілігіне бағытталған жобалар екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары