$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО тұрғыны қарындасын ұрған күйеу баласын бауыздап өлтірді

Ол осы қылмысы үшін 11 жылға сотталып кетті

БҚО тұрғыны қарындасын ұрған күйеу баласын бауыздап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында ер адам қарындасын ұрған күйеу баласын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, Ақсай қаласында ер адам қарындасын бұрын ұрып соққаны үшін күйеу баласымен сөзге келіп, салдарынан кеуде тұсының сол жағына екі рет және мойын тұсына пышақпен сұғып алған. Күйеу баласы сол жерде көз жұмды.

Жәбірленуші тарап сотталушыға ең қатал жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

«ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында  8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алқабилер алқасының үкімімен ол өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, Х-ға ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.   

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары