16.05.2025, 21:20
Жаңалықтар
Ертең eGov пен басқа мемқызметтер уақытша жұмыс істемейді
Түнгі сағат 00:00-ден таңғы 08:00-ге дейін жоспардан тыс техникалық жұмыс жүргізіледі
Фото: gov4c.kz
2025 жылғы 17 мамыр күні түнгі сағат 00:00-ден таңғы 08:00-ге дейін бірқатар мемлекеттік электрондық сервистер уақытша жұмыс істемейді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлады. Бұл шара цифрлық экожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
УАҚЫТША ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН СЕРВИСТЕР:
- eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);
- E-license, e-Otinish порталдары және Ашық үкімет платформасы;
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының барлық сервистері;
- «ҰАТ» АҚ-ның сүйемелдеуіндегі басқа да жүйелер;
Электрондық үкімет шлюзі арқылы жұмыс істейтін екінші деңгейлі банктердің қосымшаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету функциялары.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
- Қажетті операцияларды алдын ала орындаңыз;
- Құжаттарды техникалық үзіліс кезінде көрсету қажет болса, олардың түпнұсқаларын дайындаңыз.
Техникалық жұмыс уақыты: 17 мамыр, сағат 00:00-08:00
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды